
BURJ / Жоспарлау жүйесі
STARRT
Идеяден — жоспарға.
STARRT — идеяны нақты іс-қимыл жоспарына айналдыруға көмектесетін алты қадамдық жоспарлау әдісі. Ол қазіргі жағдайыңызды анықтаудан басталып, мақсатқа жету үшін қажетті әрекеттерді, ресурстарды, жауапты адамдарды және мерзімдерді белгілеуге мүмкіндік береді.
Жағдайды талдау
Мен қазір қайдамын?
Қазіргі жағдайды анықта. Фактілерді, шектеулерді және мүмкіндіктерді жаз. Не жұмыс істеп тұр, не кедергі? Болжамды фактіден ажырат.
Нәтиже
Бастапқы жағдай мен негізгі мәселенің сипаттамасы.
Мақсат
Қайда жеткім келеді?
Қандай нәтижеге жеткің келетінін нақтыла. Мақсат орындалғанда не өзгереді? Оған жеткеніңді қандай көрсеткіш арқылы білесің?
Нәтиже
Орындалғанын тексеруге болатын нақты мақсат.
Іс-қимыл
Ол үшін қандай әрекеттер жасауым керек?
Мақсатты нақты әрекеттерге бөл. Қадамдарды ретімен орналастыр, олардың арасындағы тәуелділікті анықта және алғашқы әрекетті таңда.
Нәтиже
Реті анық әрекеттер тізімі және алғашқы қадам.
Ресурстар
Маған қандай ресурстар қажет?
Әрекеттерге не қажет екенін анықта: уақыт, қаражат, білім, құралдар және байланыстар. Қолда бары мен әлі табу керегін бөлек жаз.
Нәтиже
Қажетті ресурстар және оларды толықтыру жоспары.
Жауапты адам
Бұл іске кім жауапты?
Әр әрекетке жауапты адамды белгіле. Кім орындайды, кім көмектеседі, кім шешім қабылдайды? Жалғыз жұмыс істесең де, жауапкершілігіңді нақтыла.
Нәтиже
Әр әрекеттің жауапты адамы және қатысушылардың рөлдері.
Уақыт кестесі
Қашан бастаймын және қашан аяқтаймын?
Алғашқы қадамның уақытын, негізгі кезеңдерді және соңғы мерзімді белгіле. Ілгерілеуді қашан тексеретініңді жоспарла. Мерзімдер — жоспардың ажырамас бөлігі.
Нәтиже
Басталу уақыты, кезеңдер, соңғы мерзім және бақылау күндері.
STARRT / 01
STARRT әдісін мысал арқылы түсінейік
Аптасына 3 рет спортпен айналысу
- SЖағдайды талдау
- Қазір аптасына бір рет қана спортпен айналысамын.
- TМақсат
- Алдағы 3 айда аптасына 3 рет тұрақты жаттығу әдетін қалыптастыру.
- AІс-қимыл
- Апталық кесте жасау, жаттығу күндерін белгілеу, әр жаттығуды күнтізбеге енгізу.
- RРесурстар
- Спорттық киім, жаттығу орны, аптасына 3 сағат уақыт.
- RЖауапты адам
- Өзім.
- TУақыт кестесі
- Келесі дүйсенбіден бастау, 12 апта бойы орындау және әр аптаның соңында нәтижені тексеру.
STARRT / AI
AI көмегімен STARRT жоспары
STARRT / 02
Өз STARRT жоспарыңызды құрыңыз
Мен қазір қайдамын?
Қайда жеткім келеді?
Ол үшін қандай әрекеттер жасауым керек?
Маған қандай ресурстар қажет?
Бұл іске кім жауапты?
Қашан бастаймын және қашан аяқтаймын?
Жоспар дайын.
Енді STARRT — баста.